Әлеумет

Наиль Нұров жемқорлық күдігімен ұсталды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының бұрынғы басшысы Наиль Нұров аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен қамауға алынды.

Наиль Нұров

Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.

59 жастағы менеджер бұған дейін түрлі ұйымдарда басшылық қызмет атқарған. Ол 2011 жылғы Азия ойындары мен 2017 жылғы Универсиаданы ұйымдастыру жұмыстарына жауапты болған. Сондай-ақ 2024 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты басқарған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, дирекция басшысы құны 500 миллион теңгеден асатын этноауыл құрылысына қатысты келісім жасап, кейін мердігерден келісімшарт сомасының 10 пайызы көлемінде «үлес» талап еткен.

Кейін құқық қорғау органдары ақша қаражатының Наиль Нұровқа қолма-қол берілгенін дәлелдейтін айғақтар жинаған. Бұдан бөлек, мердігер оның жеке пайдалануына арналған металл күркені (беседка) орнатып бергені анықталған.

Тергеу мәліметінше, дирекцияның бұрынғы басшысы жалпы көлемі кемінде 40 миллион теңге заңсыз сыйақы алған болуы мүмкін.

 

Сот күдіктіні екі ай мерзімге қамауға санкция берді. Тергеу жалғасып жатыр.

Тегтер: Наиль Нұров
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз