Әлеумет

Иран Парсы шығанағынан мұнай экспортын толық тоқтататынын айтып қорқытты

Иран Тегеранға қарсы АҚШ санкцияларын қолдаған Таяу Шығыс елдеріне жауап ретінде Ормуз бұғазындағы ғана емес, Парсы шығанағынан мұнай тасымалдайтын балама бағыттардағы танкерлерге де шабуыл жасайтынын мәлімдеді.

1

 Бұл туралы Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи IRNA агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Резаи АҚШ бастаған экономикалық блокадаға қатысатын кез келген мемлекет Иранның жауап шараларына тап болатынын ескертті. Оның сөзінше, Вашингтонның блокадасы жалғаса берсе, Парсы шығанағынан «бір тамшы да мұнай» сыртқа шығарылмайды.

Иран өкілі Ормуз бұғазындағы жағдайға да тоқталды. Оның айтуынша, теңіз жолы қазір жабық және АҚШ өз ұстанымын өзгертіп, міндеттемелерін орындамайынша ашылмайды.

«Алдымен америкалықтар нақты қадамдар жасауы керек», – деді Резаи.

Тегеранның бұл мәлімдемесі АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы «ең жойқын экономикалық операция» басталғанын жариялағаннан кейін айтылды. 20 тамызда Трамп Тегеранға көмек көрсететін кез келген мемлекет ауқымды экономикалық салдарға тап болатынын ескерткен.

CNN мәліметінше, АҚШ 2026 жылдың ақпан айының соңында басталған әскери операция бағытының орнына Иранға экономикалық қысымды біртіндеп күшейту стратегиясына көшіп жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз