Қоғам

Конституциялық сот Алматы әкімдігінің Шымбұлаққа көлік кіруін шектеу туралы шешімін заңсыз деп таныды

Конституциялық сот Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылдан бері қолданыста болған Шымбұлақ шатқалы аумағына автокөліктердің кіруін шектейтін қаулысының бір тармағын Конституцияға сәйкес емес деп таныды.

Шымбұлақ

Іс Тұйықсу шатқалының тұрғынының өтінішінен кейін қаралды. Оның айтуынша, көлік қозғалысына қойылған шектеу өз үйіне қатынауды қиындатып жіберген. Себебі тұрғын үйге баратын жол Шымбұлақ арқылы өтеді, ал балама асфальтталған жол қарастырылмаған.

Сот табиғатты қорғау мақсатында ерекше қорғалатын аумақтарда көлік қозғалысын шектеуге болатынын атап өтті. Алайда мұндай шешімдер заң талаптарына сай қабылданып, жергілікті тұрғындардың құқықтары ескерілуі тиіс.

Нәтижесінде Конституциялық сот Алматы әкімдігінің аталған шектеуді енгізуге құзыреті болмаған деген қорытындыға келді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай мәселелер бойынша шешімді мәслихат қабылдауы қажет.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз