Live

Ақ үй маңында атыс болды: бір адам жараланды

АҚШ астанасы Вашингтонда Ақ үй маңында атыс болып, бір адам жараланды.

Ақ үй

 Бұл туралы АҚШ Құпия қызметі мәлімдеді.

Оқиға 4 мамыр күні қала орталығындағы 15-ші көше мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында болған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бір адам полиция қызметкерлерінің оғынан жараланған, оның қазіргі жағдайы белгісіз. Оқиға орнына жедел қызметтер жеткен.

Атыс Вашингтон монументі маңында, Ақ үй мен Капитолийге жақын жерде тіркелген. Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол сәтте АҚШ президенті Дональд Трамп резиденциясында шағын бизнеске қатысты жиын өткізіп жатқан.

Ақ үй уақытша жабылды

Associated Press агенттігінің мәліметінше, атыстан кейін Ақ үй уақытша жабылып, сыртта жүрген журналистер брифинг залына кіргізілген. Соған қарамастан Дональд Трамп сөзін тоқтатпай, баяндамасын жалғастырған.

Колумбия округінің өрт сөндіру және жедел жәрдем қызметі жараланған ересек ер адам ауруханаға жеткізілгенін, сондай-ақ жеңіл жарақат алған жасөспірімге көмек көрсетілгенін хабарлады.

Полиция оқиға орнын қоршауға алып, тұрғындарды бұл аймақтан аулақ болуға шақырды. Қауіпсіздікке байланысты жолдар бірнеше сағатқа жабылатыны айтылды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз