Тоқаев пен Ердоған қандай келісімдерге келді?
Ақордада өткен жоғары деңгейдегі кездесуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселесін талқылады.
Келіссөз барысында Ердоған Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымын алдағы уақытта 15 млрд долларға дейін жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар:
🔺Астана мен Алматыда «Маариф» қорының жаңа мектептері ашылады;
🔺Қазір 14 мыңға жуық қазақстандық студент Түркияда білім алып жүр, ал Қазақстан университеттерінде 260-қа жуық түрік студенті оқиды;
🔺Түркиялық инвестор жақын уақытта Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар шығаратын зауыт құрылысын бастайды;
🔺Түрік компаниялары Түркістан мен Петропавлда көпбейінді заманауи ауруханалар салып жатыр;
🔺Тараптар көлік-логистика, энергетика, туризм және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударды.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады. Режеп Тайип Ердоған Түркістанның пірі Қожа Ахмет Яссауи атындағы ерекше орденнің алғаш рет өзіне берілгеніне қуанышты екенін жеткізді.