Қоғам

Қазақстанда екі ай ішінде терроризм және экстремизм баптары бойынша 13 адам сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, биылғы сәуір және мамыр айларында Қазақстанда терроризм мен экстремизмге қатысты қылмыстар бойынша 13 адамға сот үкімі шыққан.

Терроризм

Олардың қатарында Астана тұрғыны да бар. Ол әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Шымкент қаласының тумасы радикалды идеяларды таратып, теократиялық мемлекет құруға үндегені үшін 7 жылға сотталған.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары еліміздің түрлі өңірлерінде тағы 11 күдіктіні ұстаған. Олардың арасында екі шетел азаматы және шетелден экстрадицияланған үш қазақстандық бар.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер экстремистік сипаттағы материалдарды таратып, зорлық-зомбылыққа шақырған.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз