Live

Азаматтық қоғам және жастар: Қарағандыда SWAT жүлдегерімен тағылымды кездесу өтті

Азаматтық қоғамның дамуы – жастардың белсенділігімен, жауапкершілігімен және дұрыс бағыт таңдай білуімен тығыз байланысты.

Қоғам

Осындай құндылықтарды қалыптастыру мақсатында Қарағанды қаласында өскелең ұрпаққа арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Polisia.kz мәліметінше, шара Достық үйінде өтті. Оған жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысып, полиция қызметкері, UAE SWAT Challenge – 2026 халықаралық жарысының жүлдегері Амирхан Махатовпен жүздесті.

“Дұрыс таңдау — болашақтың негізі” тақырыбында өткен кездесудің басты мақсаты – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және кәсіби бағдар беру. Ашық диалог форматында өткен жиында спикер өзінің қызмет жолы мен жетістікке жету тәжірибесімен бөлісті.

Амирхан Махатов полиция қызметінің ерекшеліктері мен жауапкершілігі туралы айтып, халықаралық жарыстарда табысқа жету үшін жоғары дайындық, тәртіп пен табандылықтың аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ол UAE SWAT Challenge жарысының арнайы жасақтар арасындағы беделді турнир екенін, мұнда физикалық қана емес, психологиялық төзімділік те сыналатынын жеткізді.

Кездесу барысында жастар болашақ мамандықты саналы таңдау, дене дайындығы және экстремалды жағдайда өзін ұстау туралы сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз