Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:30, 30 Желтоқсан 2023

Петропавлда бүтін бір отбасыны өлтіріп кетті: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

овов
Фото: из открытых источников

Петропавлда қандықол қаскөй бүтін бір отбасын өлтіріп кеткен. Отбасы мүшелері бірден оқиға орнында қаза болған, деа хабарлайды zhasalash.kz.

Қанды қылмыс Петропавл маңындағы Рабочий кентінде болды. Кеше күндіз кәсіпкердің үйінен үш адамның өлі денесі табылған. 

Көршілердің айтуынша, күдіктілер алдымен 17 жастағы ұлын пышақтап өлтірген. Ал ата-анасына дүкеннен қайтып келген бетте табалдырықта бас салған. 

— Аталған факті ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі , 1-тармағы, яғни екі немесе одан да көп адамды өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. СҚО полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының екі тұрғынын ізін суытпай ұстады. Олар Петропавл ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады ПД басқарма бастығының орынбасары.