Саясат

Трамп Қытайға сапарын аяқтады

Дональд Трамп жұма күні Бейжіңнен аттанып, 13-15 мамыр аралығында өткен Қытайға мемлекеттік сапарын аяқтады.

Си мен Трамп

 Бұл туралыXinhua агенттігі хабарлады.

Сапардың соңғы күнінде Трамп Си Цзиньпинмен Бейжіңдегі Чжуннаньхай резиденциясында шағын құрамда кездесу өткізді. АҚШ президенті Қытай басшысымен ашық әрі терең байланыстарды жалғастыруға дайын екенін айтып, оны Вашингтонда қабылдауды асыға күтетінін жеткізді.

Екі ел басшысы АҚШ пен Қытайға, сондай-ақ жаһандық саясатқа қатысты негізгі мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасты. Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякуньнің мәлімдеуінше, тараптар бірқатар жаңа келісімдерге қол жеткізген.

Тараптар Қытай-АҚШ қатынастарын «конструктивті стратегиялық тұрақтылық» қағидаты негізінде дамытуға келіскен.

«Бұл алдағы үш жылға, тіпті одан да ұзақ мерзімге екіжақты қатынастардың стратегиялық бағытын айқындайды. Сонымен қатар Қытай мен АҚШ арасындағы қатынастардың тұрақты және орнықты дамуына ықпал етіп, әлемге бейбітшілік, өркендеу мен тұрақтылық әкеледі», – деді Го Цзякунь.

Оның айтуынша, екі ел лидерлері бір-бірінің алаңдаушылықтарына дұрыс жауап беру мәселесінде маңызды ортақ ұстанымға келген. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша байланыс пен үйлестіруді күшейтуге уағдаласқан.

Қытай тарапының мәлімдеуінше, мемлекет басшылары арасындағы диалог өзара түсіністікті тереңдетіп, сенімді нығайтқан. Сонымен бірге практикалық ынтымақтастықты дамытуға және екі халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал еткен.

Бұған дейін Дональд Трамптың Си Цзиньпинді қыркүйек айында АҚШ-қа келуге шақырғаны хабарланған еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз