09:08, 06 Ақпан 2024
Семейде ірі киім базары өртенді
Семейдегі ең ірі «Ақшын» киім базарында 6 ақпанға қараған түні сағат 03:00 шамасында өрт болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Әзірге өрттің шығу себебі мен ауданы белгісіз. Өрт сөндірушілер оқиға орнында. Арнайы техниканың кедергісіз өтуі үшін қала орталығындағы бірқатар көшелер қоршауға алынды.
«Полиция қызметкерлері периметрде арнайы техниканың өтуін қамтамасыз ету, басқа да оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қызмет етеді», - деп хабарлады Абай АІІБ.