Астанада анонимді QirSabyn Telegram-арнасының әкімшілеріне қатысты сот үкімі шықты
Екі күдіктіге «адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі көлемде бопсалау жасады» деген айып тағылған. Іс жабық форматта қаралды.
Сот шешімімен Р.Ә кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал Р.Т 6 жылға сотталып, оның да мүлкі тәркіленді.
Сот мәліметінше, үкім әзірге заңды күшіне енбеген.