Әлеумет

Қазақстандық оқушылар Шешенстанға бару үшін Қадыровтан көмек сұрады

Қазақстандық оқушылар Шешенстанға бару үшін Қадыровтан көмек сұрады

рамзан қадыров

Қазақстандағы мектеп директорының орынбасары Ахмат Мучулаев Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтан қазақстандық оқушыларға республикаға экскурсия ұйымдастыруға көмектесуді сұрады.

Grozny Inform мәліметінше, педагог "Арманға апарар жол" ("Дорога к мечте") атты білім беру жобасын қолдауды ұсынған. Жоба аясында қазақстандық оқушылар шешен халқының тарихымен, мәдениетімен және салт-дәстүрімен танысуы керек.

Мұғалімнің айтуынша, балалар Шешенстанға өздері барып, көрікті жерлерін аралап, жергілікті тұрғындардың тұрмысымен танысқысы келеді. Осыған байланысты ол республика басшылығынан оқушыларды орналастыруға және экскурсия бағдарламасын ұйымдастыруға көмектесуді өтінген.

Өтінішке жауап берген Рамзан Қадыров бұл мәселені бақылауға алуды Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары, ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ильман Вахидовқа тапсырды. Сондай-ақ қажетті көмек көрсетуді міндеттеді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз