Әлеумет

Ыстанбұлда мыңдаған адам БАҚ бостандығын талап етіп, наразылық шеруіне шықты

Ыстанбұлда мыңдаған адам БАҚ бостандығын талап етіп, наразылық шеруіне шықты

Түркия көтеріліс

Түркияның Ыстанбұл қаласында мыңдаған тұрғын тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын қолдап, сөз және баспасөз бостандығын талап етті.

Наразылыққа бірнеше күн бұрын полицияның Sözcü TV телеарнасының ғимаратына басып кіріп, оның басшыларын ұстауы себеп болған. Бұдан бөлек, телеарнаны басқару билік тағайындаған сенімді өкілге берілген.

Соңғы бір жылда Түркияда тәуелсіз БАҚ-қа қатысты осындай жағдай үшінші рет тіркеліп отыр. Бұған дейін Tele1 және Halk TV телеарналары мен T24 интернет-басылымы да билік өкілдерінің араласуына тап болған. Шеруге қатысушылар елде тәуелсіз журналистикаға қысым күшейгенін айтып, БАҚ-тың еркін жұмыс істеуін талап етті.

Соңғы екі айда Түркияда ірі инвестициялық қор төңірегіндегі дау туралы ақпарат таратқан бірнеше журналист те ұсталған. MLSA құқық қорғау ұйымының мәліметінше, қазіргі уақытта елде 25 журналист түрмеде отыр.

Наразылық білдірушілердің пікірінше, журналистерді қудалау мен редакциялардың жұмысына араласу баспасөз бостандығына тікелей әсер етеді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз