Әлеумет

Назарбаевтың жиенінің компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Назарбаевтың жиенінің компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

айыппұл

"ЖАН и КС" мұнай компаниясы ұңғымаларды бұрғылау кезінде бұрғылау қалдықтары мен пайдаланылған ерітіндіні заңсыз жинаған. Осы әрекеті үшін компанияға қоршаған ортаға рұқсат етілген антропогендік әсер ету нормативтерін бұзғаны жөнінде айып тағылған.

Компания сот шешіміне шағым түсіргенімен, нәтижесіз болған. Қазір 3 млрд теңгеден астам айыппұл мәжбүрлі түрде өндіріліп жатыр.

"ЖАН и КС" компаниясы Сейітжан Есімовке тиесілі Aytei Group холдингіне кіреді. Ол – Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, Алматының бұрынғы әкімі, EXPO-2017 көрмесінің басшысы және "Самұрық-Қазына" қорының бұрынғы төрағасы болған Ахметжан Есімовтің інісі.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз