Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:16, 23 Ақпан 2024

Елена Рыбакина денсаулығына байланысты турнирге қатысудан бас тартты

Рыбакина
Фото: из открытых источников

Әлемнің 4-ракеткасы, спортшымыз Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалдық ойынына қатысудан бас тартты.

Championat.com сайтының хабарлауынша, қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған.

Елена Рыбакина бүгін ширек финалда әлемнің 26-ракеткасы, италиялық Ясмина Паолинимен кездесуі тиіс болатын. Бірақ отандасымыз кортқа шықан жоқ.

Осылайша, италиялық спортшы еш қиындықсыз жартылай финалға жолдама алды.