спорт

Қырғызстан Қазақстанның Көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады

Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы қазақ елін құттықтады

Көшпенділер ойындары

Қырғызстан президенті әкімшілігі Көшпенділер ойындарындағы жалпыкомандалық есепте Қазақстанның бірінші орын алғанын хабарлады. Мәлімдемеде медальдарды есептеу кезінде техникалық айырмашылық болғаны айтылған. Ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының медальдарын жеке-жеке есепке алу туралы шешім қабылдаған.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Аскат Алагозов Көшпенділер ойындарындағы жалпыкомандалық есеп бойынша Қазақстанның бірінші орын алғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының медальдарын есепке алу туралы шешім қабылдаған. Осы өзгерістен кейін жалпыкомандалық есепте Қазақстан көш бастады.

«Қазақ бауырларымызды жеңістерімен құттықтаймыз», - деп жазды Алагозов 7 қыркүйекте Facebook парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында жалпы 74 медаль иеленді. Оның 32-сі - алтын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз