Саясат

Стивен Уиткофф пен Рүстем Умеров Майамиде келіссөз өткізеді

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф жақын күндері Майамиде Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеровпен кездеседі.

Украина мен Ресей

Бұл туралы Ақ үйдегі дереккөздерге сілтеме жасаған dpa агенттігі хабарлады.

Ақпаратты жанама түрде Умеровтың Жоғарғы рададағы «Мидас» коррупциялық ісі бойынша уақытша тергеу комиссиясының отырысына шетелдік іссапарға байланысты қатыса алмайтыны туралы хабарлама да растайды.

2026 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздер АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің арағайындық әрекеттеріне қарамастан тығырыққа тірелген.

Ресей аннексиялаған аумақтардың мәртебесі мен Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері мәселесі бойынша негізгі қайшылықтар әлі шешілмеген.

Майамидегі екіжақты келіссөздер Вашингтон мен Киев өкілдерінің АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы басталғаннан кейінгі алғашқы кездесуі болмақ.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Стивен Уиткофф пен АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер Киевке келіссөзге шақырылғанын, алайда бұл кездесу өтпей қалғанын айтқан еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз