Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:12, 23 Сәуір 2024

Қазақстан мен Таиланд визасыз режим туралы келісімге қол қойды

в
Фото:

Енді Қазақстан азаматтары Таиландқа визасыз режимде ұша алады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің айтуынша, екі елдің арасында тікелей әуе рейстерінің саны өсуде. Мәселен, 2023 жылы Таиландқа 172 мың қазақстандық турист барды, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе жоғары.

Сапар қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасында ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Осы құжатқа сәйкес екі елдің азаматтары елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін бір-бірінің аумағында визасыз бола алады. Келісім тараптар мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаннан кейін күшіне енеді, делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан мен Таиландтың туризм және спорт министрліктері арасында Туризм саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Фото: СІМ

Тегтер: