Live

Сарапшылар Конституцияның ұлтаралық және азаматтық келісімді нығайтудағы рөлін талқылады

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында «Конституциялық реформа және ұлтаралық тұрақтылықтың институционалдық кепілдіктері» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті.

Келісім

Жиынға қоғам қайраткерлері, ғалымдар және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Кіріспеде сарапшылар Конституцияның тек құқықтық негіз ғана емес, сонымен қатар елдегі ұлтаралық келісім мен азаматтық бірлік үшін маңызды кепілдік екеніне назар аударды. Мұндай институттық құрылымдар қоғамдағы әртүрлі этнос пен әлеуметтік топтардың өзара түсіністігі мен ынтымақтастығын нығайтуға, азаматтардың тең құқылығын сақтауға жол ашады.

Кездесу барысында 2026 жылдың І тоқсаны бойынша «Елдегі ұлтаралық ахуал мониторингі» тақырыбында әлеуметтік зерттеу таныстырылды. Зерттеу қорытындысы бойынша халықтың қоғамдық жағдайға оң көзқараста екені және ұлтаралық қатынастардың тұрақты деңгейі анықталды. 94 % азамат өзара сыйластық пен келісімге оң көзқарас білдірген.

Сарапшылар ұрпақтар арасындағы өзгерістердің саяси жүйеге әсерін, демографиялық өсім, азаматтық бірегейліктің нығаюы және цифрландыру үдерісі жаңа буынның қоғамдағы рөлін арттыратынын атап өтті. Конституция қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың басты кепілі ретінде қарастырылып, мемлекет пен қоғам арасындағы мүдделерді тең сақтауға мүмкіндік беретіні айтылды.

Сонымен қатар жаңа құрылған Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланып, оның әртүрлі әлеуметтік топтардың пікірін ескеріп, олардың мүдделерін қорғауға және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нығайтуға бағытталған ашық алаң ретіндегі рөлі бағаланды.

Қорытындысында сарапшылар Конституция мен Қазақстан Халық Кеңесінің ұлтаралық келісім мен азаматтық бірлікті сақтау, қоғамдық диалогты дамыту және мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты күшейтуге маңызды ықпал ететінін атап өтті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз