Әлеумет

Маңғыстауда орындалмаған жұмыстар үшін бюджеттен 29,5 млн теңге төленген

Маңғыстау облысында Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы мен Бейнеу ауданындағы Тұрыш ауылының әкімі іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін бюджеттен 29,5 млн теңге төлеген.

Теңге

 Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Маңғыстау облысының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылу фактілерін анықтады. Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы мен Бейнеу ауданындағы Тұрыш ауылының әкімі орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатынан 29,5 млн теңге төлем жасаған», – делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

Сонымен қатар ведомство мәліметінше, Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы жалпы сомасы 592 млн теңгеге бір көзден мемлекеттік сатып алуды заңсыз жүргізген.

Прокуратура актісі негізінде анықталған заңбұзушылықтар жойылды. Бұдан бөлек, аталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін «атқарып отырған лауазымына толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі жауапкершілікке тартылған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз