Әлеумет

Ғазиз Байтасов атындағы алғашқы медаль батырдың жарына табысталды

Ғазиз Байтасов атындағы алғашқы медаль батырдың жарына табысталды

1

Қазақстанда "Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов" атты ведомстволық медаль тағайындалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген марапаттың алғашқы данасы батырдың жұбайы Гүлжамал Тәжиеваға табысталды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жаңа медаль қызметтік міндетін атқару кезінде ерекше батылдық пен ерлік көрсеткен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне беріледі.

Ғазиз Байтасов – Қазақстан тарихында "Халық Қаһарманы" атағын алған алғашқы полиция қызметкері. Ол қарулы террористі тоқтатып, бейбіт тұрғындарды ажалдан арашалау жолында өз өмірін құрбан еткен.

2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында Мақсат Қариев есімді террорист оқ жаудырып, тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен полиция капитаны Ғазиз Байтасов қылмыскерге қарсы қарулы қақтығысқа түсті.

Ауыр жараланғанына қарамастан, ол күресін тоқтатпаған. Террористің қолындағы гранатаны байқаған Байтасов маңайдағы адамдарды қорғау үшін қылмыскерге қарай ұмтылған. Граната жарылып, полиция қызметкері қаза тапты. Ол кезде Ғазиз Байтасов небәрі 40 жаста еді.

Батырдың ерлігі ел есінде батылдықтың, антына адалдықтың және халыққа қалтқысыз қызмет етудің үлгісі ретінде сақталды.

Енді оның есімімен аталатын медаль қызмет барысында ерлік көрсеткен полиция қызметкерлеріне табысталмақ.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз