Париж маңында атыс болды: бір адам қаза тауып, төрт адам жараланды
Франция астанасы Париждің маңында қарулы шабуыл болып, бір адам қаза тапты.
Тағы төрт адам жарақат алды. Олардың арасында 12 жастағы қыз бала бар, деп хабарлайды "Жас Алаш" француз ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Оқиға 23 қазанда Париждің батысындағы Трапп және Ла-Верьер қалаларының маңында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылдаушы автокөліктен көшедегі адамдарға оқ атқан. Салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмып, тағы төрт адам жараланған. Зардап шеккендердің арасында 12 жастағы қыз бала бар.
Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, күдікті көршілес Куаньере қаласында ұсталған.
Оқиғаға байланысты тергеу басталды. Францияның терроризмге қарсы прокуратурасы шабуылдың мән-жайын анықтап жатыр. Тергеушілер қылмыстың нәсілдік өшпенділікпен байланысты болуы мүмкін деген нұсқаны да қарастыруда.
Әзірге шабуылдаушының нақты мақсаты мен оқиғаның себептері белгісіз. Құзырлы органдар тергеуді жалғастырып жатыр.