Қорғаста Қытайға 620 ақбөкен мүйізін заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
ҰҚК Шекара қызметі "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында ақбөкен мүйіздерін Қытайға заңсыз алып өту әрекетін тоқтатты.
Оқиға 20 қазанда болған. Тәркіленген 620 ақбөкен мүйізінің қара нарықтағы жалпы құны шамамен 180 млн теңгеге бағаланады.
Оқиғаға қатысты материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органға жолданады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы туралы өзге ақпарат жарияланбайды.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.