Таразда дрифт жасаған жүргізуші бес тәулікке қамалды
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзу дерегін анықтады.
Белгілі болғандай, қала көшелерінің бірінде 22 жастағы BMW автокөлігінің жүргізушісі дрифт жасап, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндірген, түнгі тыныштықты бұзып, жол жабынына зақым келтірген.
Құқық бұзушы сот шешімімен кінәлі деп танылып, оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.