Өңір

Шымкентте тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Бүгін, 18 желтоқсан күні сағат 14:10-да Шымкент қаласы Қонаев даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

шымкент

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғын үйдің 10 қабатында 17 шаршы метр аумақта ас үй мен лоджия өртеніп кетті. Өрт 14:48-де жойылды. Екі адам ТЖМ қызметкерлерімен құтқарылды, 50 адам өз бетінше эвакуацияланды.

Тегтер: Шымкент өрт
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз