Қостанайда сотталушылар отырған көлік аударылып қалды: екі полицей жарақат алды
Қостанай қаласының орталығында полицияның қызметтік көлігі таксимен соқтығысып, аударылып қалды. Көліктің ішінде сотқа жеткізіліп бара жатқан бес қамаудағы адам болған.
Жол-көлік оқиғасы 16 маусым күні күндіз Баймағамбетов пен Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік JAC көлігі арнайы жарық белгілерін қосып келе жатқанымен, жүргізуші маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбеген.
Салдарынан автозак жасыл түске қозғалып келе жатқан Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан бес адам қалалық аурухананың травмпунктіне жеткізілді. Екі полиция қызметкері дәрігерлердің бақылауында қалды. Такси жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.