Қоғам

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Қазақстанда ғылым, шығармашылық, спорт және қоғамдық қызмет саласында жетістікке жеткен жастарға берілетін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына қатысу үшін құжат қабылдау жалғасуда.

дарын

Сыйлық талантты әрі белсенді жастарды қолдауға бағытталған.

Байқау биыл 10 номинация бойынша өтеді. Олар: әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы.

Сыйлыққа Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар 2026 жылғы 17 қыркүйекке дейін қабылданады. Құжаттарды қағаз түрінде Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісіне тапсыруға болады.

Өтінімнің электронды нұсқасы да қабылданады. Қосымша ақпаратты жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін 8 (7172) 74-05-25 және 8 (7172) 74-18-43телефондары арқылы алуға болады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз