Әлеумет

Қазақстанда ерлер саны 10 миллионнан асты

Ұлттық статистика бюросы ерлер мерекесіне орай елдегі ер азаматтарға қатысты жаңа статистикалық мәліметтерді жариялады.

Ер

Ресми дерекке сәйкес, қазіргі таңда Қазақстанда 10 044 673 ер адам тұрады.
Ер азаматтар ең көп шоғырланған өңірлер қатарында:

Алматы – 1,1 миллион;
Түркістан облысы – 1,1 миллион;
Алматы облысы – 806,5 мың;
Астана – 785,4 мың адам бар.

Статистикаға сәйкес, қазақстандық ерлердің орташа жасы 31,1 жасты құрайды. Ал ер азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72,19 жыл болған.

Сонымен қатар 2026 жылдың алғашқы бес айында жаңа туған ұл балалар арасында ең көп қойылған есім – Алан. Бұдан бөлек Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед және Рамазан есімдері де кең таралған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз