Қоғам

Мақпал Жүнісова II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Ақордада өткен салтанатты рәсімде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен өнер саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыстады.

Мақпал Жүнісова

Мемлекет басшысы қазақ эстрадасының танымал өкілі Мақпал Жүнісова II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталғанын жариялады.

Президент өз сөзінде әншінің ұлттық өнердегі орны ерекше екенін атап өтті.

«Бүгін халқымыздың сүйікті әншісі, әсіресе әйелдер қауымы ерекше құрметтейтін өнер иесі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға II дәрежелі «Барыс» орденін табыстаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз