Қоғам

Атырауда оқушыны автобус қағып кетті

Атырауда қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, үш адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың бірі – жетінші сынып оқушысы.

Автобус

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, жол апаты 19 қарашада сағат 12:10 шамасында Азаттық даңғылындағы "Торговая база" аялдамасы маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, оқушыны № 64 бағытта қатынайтын автобус қағып кеткен.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, мектеп оқушысынан бөлек, Yutong маркалы автобустың тағы екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінген.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз