Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:29, 02 Ақпан 2024

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

Қарағанды
Фото: из открытых источников

Қарағанды облысының полицейлері жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамды ұстады. Ол облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан қыстақта жасырынған.

Артынша ол ұсталар алдында кешірім сұрап, видео үндеу жолдаған.

– Ассалаумағалейкүм, барша қазақстандықтар, барша мұсылмандар, Қазақ елі! Мен 2024 жылы 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Себебі істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр. Бәрінен, ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Мен зиян тигізбек ойым болған жоқ. Ондай ойым болмаған, болмайды да. Жаңағы қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан мен кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер. Қазақстандағы мұсылман бауырлар, барлықтарыңыз мені кешіріп қойыңыздар. Өз қателігімді түсініп отырмын, – дейді Дәкебаев.