Ұлттық құндылықтарды дәріптеген полиция қызметкері
Ұлттық мұраны сақтау мен дәріптеу – әр азаматтың маңызды міндеті.
Бұл бағытта Ақтөбе облысы ПД Ырғыз аудандық полиция бөлімінің қызметкері Ботагөз Кишкентаева үлгі боларлық іс атқарып келеді.
Ол ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 2014 жылы тергеуші ретінде бастап, бүгінде қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің аға инспекторы қызметін абыроймен атқарып жүр. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын маман ретінде әріптестері арасында құрметке ие.
Қызметінен бөлек, Ботагөз – көпбалалы ана. Жолдасы Нұрбақытпен бірге үш ұл тәрбиелеп отыр. Сонымен қатар ол ұлттық өнерге ерекше қызығушылық танытып, бос уақытында тігіншілікпен айналысады. Қазақы ою-өрнекпен безендірілген киімдер тігу арқылы ол салт-дәстүрімізді жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлес қосып жүр.