Әлеумет

Түркістан облысында тасқын салдарынан 81 адам эвакуацияланды

Түркістан облысы аумағында су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты төтенше жағдай тіркелді.

ТЖМ

Төлеби ауданы аумағындағы туристік демалыс аймағына жақын орналасқан Ақмешіт ауылы маңында өзен арнасындағы су мөлшері жауын-шашынның мол түсуінен кенет көбейген.

Табиғи құбылыс салдарынан ағын су уақытша жасалған екі жаяу жүргінші көпірін бұзып өткен. Бұл көпірлер демалыс аймағын байланыстырып тұрған. Сондай-ақ, Екпінді ауылы маңындағы өткел де зақымданғаны хабарланды.

Оқиға орнына құтқару қызметтері жедел жетіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Екпінді ауылынан қауіпсіз жерге 11 адам, оның ішінде 7 бала көшірілді. Демалыс аймағынан 70 адам, соның ішінде 20 бала эвакуацияланды.

Төтенше жағдайдың салдарын жою және уақытша өткел ұйымдастыру мақсатында арнайы техника жұмылдырылған. Қазіргі таңда барлық эвакуацияланған азаматтардың жағдайы қалыпты, зардап шеккендер жоқ, медициналық көмекке жүгінгендер тіркелмеген.

Оқиға орнында құтқарушылармен бірге Төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмысын жалғастырып жатыр. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз