Бурабай маңында квадроцикл аударылып, 22 жастағы бойжеткен қаза тапты
Ақмола облысындағы Зеленый Бор мен Бурабай кенттерінің арасындағы жолда квадроцикл аударылып, 22 жастағы Астана тұрғыны көз жұмды.
Полицияның мәліметінше, квадроциклді басқарған жүргізуші көлікті тізгіндей алмай, салдарынан техника аударылып кеткен. Оқиға кезінде бойжеткен өмірге қауіпті ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болған.
Онымен бірге болған 2007 жылы туған жолаушы түрлі дене жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі мен қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексерілуде.