Қоғам

Алматыдағы элиталы тұрғын үй кешенінде жарылыс болды

Алматыдағы Esentai City элиталық тұрғын үй кешенінде бүгін жарылыс болғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, үш пәтер зақымданған.

Esentai City

Бүгін Медеу ауданындағы Қаппаров көшесінде орналасқан үш қабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылған. Оқиғадан кейін өрт шықпаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұған табиғи газдың таралуы себеп болуы мүмкін.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, оқиға салдарынан екі кәмелетке толмаған бала жеңіл жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген. Ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз