Ресейдегі соғысқа тартылған қазақстандықтардың алғашқы тобы елге оралды
Ресейде соғысқа әкетілген қазақстандықтар елге орала бастады.
Олардың қайтып келгенін адвокат Мейірман Шекеев 22 қазанда әлеуметтік желіде хабарлап, видео жариялады. Азаматтардың елге келгенін туыстары да растаған. Олардың елге оралуына кедергі болған құқықтық мәселелер де шешілген.
Заңгердің айтуынша, азаматтарды елге қайтару мәселесі бойынша оң шешім қабылданған. Олардың біреуі Қазақстанға оралып үлгерген. Мейірман Шекеев бұл іске атсалысқан мемлекеттік органдарға, соның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Сыртқы істер министрлігінің өкілдеріне алғыс білдірді.
Заңгер бұл жаңалықты ұзақ уақыт бойы балаларының тағдырына алаңдап келген ата-аналар үшін үлкен қуаныш деп атады.