Қоғам

Алматыда журналист Вадим Борейкоға қатысты сот отырысы жалғасты

Алматыда журналист Вадим Борейкоға қатысты сот отырысы өтті.

Вадим Борейко

Оған қарсы "Etude-Ybyrai" компаниясы жарияланған материалдар іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, жалған ақпарат таратты деген уәжбен талап-арыз түсірген. Борейко өзіне тағылған айыптарды нақты дәлелдермен негіздеу қажет екенін айтқан. Бұған дейін осы іс аясында журналистің банк шоттары бұғатталғаны хабарланған еді.

Сот отырысында қорғау тарапы филологиялық-экономикалық сараптама қорытындысының дұрыстығына күмән келтірді.

Адвокат Жанна Оразбақованың айтуынша, филологиялық сараптама кезінде маман талап-арызда көрсетілген шеңберден шығып кеткен. Ол журналистің сұрақтарын біріктіріп, өз бетінше қайта тұжырымдаған. Сонымен қатар қай материалдың, қай күні және қай жерде жарияланғаны, сондай-ақ сөзді нақты кім айтқаны көрсетілмеген.

 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз