Қоғам

Мажарстан Украина мен Молдованың ЕО-ға кіру жолын тағы бөгеді

Бұл туралы Kyiv Independent басылымы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Мажарстан

Мажарстан Украина мен Молдованың Еуропалық одаққа (ЕО) қосылу процесіндегі соңғы екі келіссөздер кластерін ашуды қолдамады.

Мәліметке сәйкес, ЕО-ға мүше 27 елдің техникалық сарапшылары қатысқан кездесуде Будапешт ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және көлік салаларына қатысты келіссөздер бөлімдерін ашуға кедергі келтірген. Дипломаттардың бірінің айтуынша, Мажарстан өкілдері мұндай ұстанымының себебін түсіндіруден бас тартқан.

Еуропалық одақта бұл кедергіні желтоқсан айында жоюға болады деп үміттенеді. Алайда әзірге Украина мен Молдованың ЕО-ға мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерінде ілгерілеу болатыны нақты емес.

Айта кетейік, ЕО-ға қосылу процесінде келіссөздер бірнеше кластерге бөлінеді. Әр кластер белгілі бір саясат салаларын қамтиды және олар бойынша келіссөздерді ашу үміткер елдердің мүшелікке жақындауындағы маңызды кезең саналады.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз