Қоғам

Павлодарда екі қызға зорлық көрсетіп, оларға АИТВ жұқтырған ер адам сотталды

Павлодарда 10 және 11 жастағы екі қызға жыныстық зорлық көрсеткен 48 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сот

Прокуратура мәліметінше, оқиғадан кейін қыздардан АИТВ инфекциясы анықталған.

Қылмыс 2025 жылдың көктемінде болған. Мүгедектігі бар және үйден оқитын қыздардың анасы 2018 жылдан бері сотталған азаматпен қарым-қатынаста болған. Ол балаларын бірнеше рет осы ер адамның қарауына қалдырған.

Мемлекеттік айыптау тарапының мәліметінше, қылмыс болған күні анасы үйде болмаған, ал ер адам мас күйде болған.

Сот процесінде айыпталушы жауап беруден бас тартқан. Сондықтан, айыптау тарапының түсіндіруінше, сотта оның оқиға кезінде өзінің АИТВ мәртебесі туралы білген-білмегенін анықтау мүмкін болмаған.

Сот ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз