Әлеумет

Рудныйдағы ERG зауытында жұмысшы қаза тапты

19 маусым күні Рудный қаласындағы «ERG Service» компаниясының жөндеу-механикалық зауытында жұмысшы қаза тапты.

Шахта

Қайғылы оқиға болат балқыту пешінде жұмыс жүргізу кезінде цех аумағында болған. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Рудныйдағы жөндеу-механикалық металл прокаты зауыты – тау-кен және металлургия кәсіпорындарына арналған металл бұйымдарын шығаратын әрі өндірістік жабдықтарды жөндеумен айналысатын «ERG Service» компаниясының филиалы.

Кәсіпорын металл өзектерін, ұнтақтағыш шарларды, прокат өнімдерін және құйма бөлшектерді өндіреді. Сонымен қатар ауыр техникаларға, зауыт жабдықтарына, көлік пен арнайы техникаға қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Еске салсақ, 5 мамыр күні Қазмырыш зауытында жарылыс болған еді. Цехтың опырылуы салдарынан іште 32 адам қалып қойған. Алғашында екі жұмысшының қаза тапқаны хабарланған, кейін ауруханадағы тағы бір зардап шеккен қызметкер көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс технологиялық процестің бұзылуынан болған.

Тегтер: ERG Рудный
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз