Қоғам

Теміртаудағы ҚарГРЭС-1 кәсіпорнында апат орын алды

Апат салдарынан "Ескі қала" ықшам ауданындағы үйлерде жылу бәсеңдеп қалған, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Қарағанды

"Құрметті тұрғындар, ҚарГРЭС-1-дегі багерлік сорғының апаттық сөнуі салдарынан станцияның қазандық агрегаттары резервтік отынға (мазут) ауыстырылды. Жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта температура кестесін теңестіру жүріп жатыр. Технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде", - делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.

Еске саламыз, соңғы тәулікте елімізде 4 апатты жағдай орын алды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз