Саясат

Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына сайланды

2026 жылғы 3 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Аустрия, Қырғызстан, Португалия, Тринидад және Тобаго, сондай-ақ Зимбабвені екі жылдық мерзімге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері етіп сайлады.

Қырғызстан

Жаңа мүшелер өз жұмысына 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кіріседі.

Қырғызстан өз тарихында алғаш рет БҰҰ-ның ең беделді органдарының бірі саналатын Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына енді.

Осы уақытқа дейін Орталық Азия елдерінің ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып тек Қазақстан сайланған еді. Қазақстан 2017–2018 жылдары Кеңес құрамында жұмыс істеп, ядролық қауіпсіздік, өңірлік ынтымақтастық және Ауғанстандағы тұрақтылық мәселелеріне ерекше назар аударған.

Ал Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланбаған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз