Қоғам

Қазақстанда фильмдерге бақылау күшейтіледі

12 маусымнан бастап Қазақстанда кинофильмдерді кең прокатқа шығармас бұрын міндетті алдын ала сараптамадан өткізу ережелері күшіне енеді. Тиісті құжатқа премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қол қойған.

Аида Балаева

Жаңа талаптарға сәйкес, фильмді ел аумағында көрсету үшін құқық иесі уәкілетті органға кинотеатрларда көрсетілетін түпнұсқа нұсқамен толық сәйкес келетін көшірмені ұсынуға міндетті.

Сараптама барысында фильм мазмұнында дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттау, педофилия, порнография, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністерінің бар-жоғы тексеріледі.

Тексеруден өткеннен кейін ғана фильмдерге прокаттық куәлік беріліп, оларды Қазақстан аумағында көрсетуге рұқсат етіледі.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз