АҚШ пен Иран делегациялары келіссөз өткізу үшін Швейцарияға аттанды
Бұған дейін кейінге шегеріліп келген АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер Швейцарияда өтетін болды.
Тараптардың делегациялары кездесудің өтетін жеріне жол тартты.
Швейцария Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ирандық делегация ел аумағына келіп, келіссөздер өтетін Бюргеншток қаласына бет алған. Ведомство бұл сапардың АҚШ пен Иран арасында жасалған өзара түсіністік туралы меморандум аясында жүзеге асып жатқанын мәлімдеді.
Көп ұзамай АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те Вашингтоннан Швейцарияға ұшып шықты. Оның баспасөз хатшысы сапардың басты мақсаты Иранмен келіссөз жүргізу екенін растады.
Ұшар алдында Вэнс негізгі назар Иранның ядролық бағдарламасы мен Ливан аумағындағы атысты тоқтату мәселесіне аударылатынын айтты. Оның сөзінше, келіссөз барысында Иран тарапы да өзекті мәселелерді көтеруі мүмкін.