Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:45, 24 Қаңтар 2024

Australian Open: Әмір Омарханов ширек финалға шықты

теннис
Фото:

Әмір Омарханов ерлер арасында Қазақстан теннисшілерінен алғаш болып ¼ финалға жолдама алды. Ол үшінші айналымда әлемдік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді жеңді. Корей теннисшісі тізімде 26-орында тұрса, Омарханов – 27-орында.

Матчқа келсек, отандасымыз бірінші сетте 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ал екіншісінде Ким есе қайтарды. Үшінші сетте Омарханов 19 минутта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Қорытынды есеп 6:0 болды.

Матч 1,5 сағатқа созылды.

Енді Омарханов әлемнің 25-ракеткасы нидерландтық Мес Ротгерингпен кездеседі.