Live

АҚШ Иранға қарсы құрлық операциясына әскерін жедел жеткізіп жатыр

АҚШ Таяу Шығысқа десанттық кемелер мен теңіз жаяу әскерін жедел жөнелтуді жеделдетті.

Әскер

NBC және Newsmax дереккөздеріне сүйенсек, Вашингтон Иранға қарсы құрлықтағы әскери операцияны бастау мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Батыс жағалаудан USS Boxer бастаған десанттық топ жолға шықпақ, құрамында кемінде 2200 әскери қызметкер бар 11-экспедициялық теңіз жаяу әскер корпусы бар. Сонымен қатар USS Portland және USS Comstock тасымалдау кемелері Иран бағытында қозғалады. Оларға зымырандар, F-35 ұшақтары және құрлыққа десант түсіруге арналған техника қосылады. Жалпы операцияға 4000-ға дейін әскери қызметкер тартылуы мүмкін.

Reuters хабарлағандай, Дональд Трамп әкімшілігі аймақта қосымша күштерді орналастыруды, Ормуз бұғазын әскери жолмен ашуды және Харг аралына десант түсіруді қарастыруда. Дегенмен Трамп бұған дейін қосымша әскер жібермейтінін айтқан.

Еске салсақ, АҚШ пен Израиль Иранға алғашқы әуе соққыларын 28 ақпанда жасаған. Жауап ретінде Тегеран Парсы шығанағы мен Израильге зымырандар мен дрондар арқылы соққы беріп, Ормуз бұғазын толық бақылауына алғанын мәлімдеді. Бұл жағдай әлемдік энергия нарығы бағасының өсуіне әсер етті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз