Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:14, 30 Қаңтар 2024

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

жер сілкінісі
Фото:

30 қаңтарда Алматыда екі рет жер сілкінісі тіркелді. Бірінші жерасты дүмпуі сағат 03:03 кезінде болды.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде Қытай аумағында болды.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.5. MPV магнитудасы — 4.5.

Тереңдігі — 10 шақырым.

Алматыда сезілген жоқ.

Екіншісі таңғы 04:27 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.

Энергетикалық санаты — 13.3. MPV магнитудасы — 5.8.

Тереңдігі — 10 шақырым.

Жер сілкінісі алматылықтарға 2 балл көлемінде сезілді.