Қоғам

Ербаян Мұхтарды жақындары ақтық сапарға шығарып салды

Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Ербаян Мухтар

Марқұммен қоштасуға туған-туыстары, жақындары мен таныстары жиналды.

Еске салайық, Ербаян Мұхтар 2023 жылдың желтоқсанында Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін атқарып жүрген кезінде ауыр ми жарақатын алған. Осыдан кейін сарбаз комаға түскен. Әскери бөлім өкілдері сарбаздың дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын мәлімдеген болатын. Алайда Ербаянның ата-анасы бұл нұсқамен келіспей, оқиғаның мән-жайын жан-жақты тергеуді талап еткен.

Ұзақ уақыт бойы комада жатқан Ербаян кейін ем алу үшін Түркияға жеткізілген. Дегенмен оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ербаян Мұхтар 23 маусым күні кешке көз жұмды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз