«Қазфосфат» Нығматуллиндерді 14,7 млрд теңге шығынға батырды
«Қазфосфат» компаниясы 2025 жылды 14,65 млрд теңге шығынмен аяқтаған.
Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда екі еседен астамға азайған. Ол кезде компанияның шығыны 33,2 млрд теңге болған. Сонымен қатар компанияның түсімі керісінше өсіп, 80 пайызға артып, 217,9 млрд теңгеге жеткен.
«Қазфосфат» фосфорит кенін өндіру және өңдеумен, сондай-ақ минералды тыңайтқыш шығарумен айналысады. Компания Жамбыл облысындағы Шолақтау, Ақсай, Көксу, Кішітау және Жаңатас кен орындарын игереді.
Компанияның 50 пайызы KP Fertilizers Ltd., 40 пайызы Kazakhmys Resources B.V. компаниясына тиесілі. Қалған 10 пайыз үлес Нұрхан Нұрланов пен Нұржан Нұрлановқа бөлінген. Олар - Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нигматулиннің ұлдары. Ал Kazakhmys Resources B.V. Владимир Киммен байланысты.