Қоғам

Алматы әуежайында мас күйдегі екі жолаушы рейстен түсірілді

Алматы халықаралық әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған екі жолаушы Алматы-Астана бағытындағы әуе рейсіне жіберілмеді.

Көлік полициясы

Көліктегі полицияның мәліметінше, құқық бұзушылардың бірі – Алматы қаласының 37 жастағы тұрғыны, екіншісі – Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны. Екеуі де рейске тіркелу кезінде алкогольдік масаң күйде болған.

Сонымен қатар 26 жастағы жолаушы балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған.Оқиғаға байланысты бір азаматқа қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл құқық бұзушылықты қайталап жасағандықтан, оның ісі сотқа жолданды.

Ал екінші жолаушыға бірден екі әкімшілік бап бойынша жауапкершілік жүктелді.

Көліктегі полиция азаматтарға әуе және теміржол көлігіндегі қоғамдық тәртіп талаптарын сақтауды ескертіп, мұндай әрекеттер заңнамаға сәйкес әкімшілік, ал кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін атап өтті.

Тегтер: Алматы әуежай
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз